МЕКТЕПТЕРДЕ «КИЕЛІ МЕКЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ

МЕКТЕПТЕРДЕ «КИЕЛІ МЕКЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ

Елімізде «Таза Қазақстан» 5 апталық республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.
Қазір елімізде «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтіп жатқаны белгілі. Жер-жерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, мәдени мұралар, ескерткіштер маңдары тазаланып, ретке келтіріліп жатыр.
Сонымен бірге Шымкенттің білім беру ошақтарында «Киелі мекен» тақырыбында ашық сабақтар өтуде.
Ондағы мақсат, мектеп оқушыларына «Киелі мекеннің» маңызын түсіндіру. Соның арқасында рухани-мәдени мол мұрамызға мән беріп, ұлттық құндылықтарымызды саралау, киелі жерлердің тарихымен таныстыру. Сол арқылы оқушылардың отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Нақтырақ айтар болсақ, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №132 жалпы орта білім беретін мектеп, № 134 жалпы орта білім беретін мектеп, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебі, А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясындағы өткен ашық сабақтар «Киелі мекен» апталығымен ұштастырылып өткізілуі мәдени мұраны, рухани құндылықтарды, қасиетті орындарды оқушылардың танып-білуіне зор ықпал етті.
Сондықтан, әр мектепте өткен «Киелі мекен» ашық сабақтарында оқушылар киелі деген сөздің мағынасын ұғып, қастерлеу, қорғау керек деген сөздердің астарына мән беріп, үлкен сабақ алғаны сөзсіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...