АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ - БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ

АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ - БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №1 А. Пушкин атындағы мектеп-гимназия базасында педагогтерге 5-8,10-сынып оқушыларымен «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік кеңес беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Аралық аттестаттау емтиханын ұйымдастыру және өткізу тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының білім басқармасыңа.
Семинар барысында «Орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Аширбек Адеев ағымдағы жылы қазақ тілі бойынша емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізілгелі отырғандығы туралы баяндады.
Сонымен қатар емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалатынын, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастыратындығы мен білім беру ұйымының әкімшілігі бекітетіндігі туралы ақпараттармен таныстырды.
Қатысушылар тарапынан емтихан тапсырмаларының мазмұны мен критериалды бағалау өлшемдеріне, тапсырмаларды бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Жалпы, семинар-кеңес аралық аттестаттау емтиханын ұйымдастыру мен өткізудің толық бейнесін ұсынды, сондай-ақ педагогикалық ұжымға 5-8 және 10 сынып оқушыларының қатысуымен емтихандарды сәтті дайындау және өткізу үшін қажетті білім мен құралдарды қамтамасыз етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...