РОМАН СКЛЯР ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ДЖУН ЯМАДАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

РОМАН СКЛЯР ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ДЖУН ЯМАДАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Келіссөз аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екендігіне тоқталып, Жапония Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ.

Оның айтуынша, Қазақстан Жапониямен өзара қызығушылық тудыратын барлық салада стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі. Жалпы алғанда, елдер арасындағы ынтымақтастық көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік негізінде қалыптасып келеді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Бұл ретте, Роман Скляр сауда-экономика және инвестиция салаларындағы байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 13,8%-ға артып, $2,2 млрд құрағаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда Қазақстан-Жапония қатынастарын нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...