Қазақстанда жеке куәлік өзгереді

Қазақстанда жеке куәлік өзгереді

Қазақстанда жеке куәлік дизайны мен мәліметтері өзгереді. Ішкі істер министрінің бұйрығына тиісті өзгерістерді ІІМ әзірлеген, - деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі "Ашық НҚА" мәліметіне сілтеме жасап.

Түзетулер жеке куәліктің алдыңғы бетіне "Жынысы" бағанын қосуды қамтиды.

"Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады", - делінген құжатта.

 

Жеке куәліктің артына азаматтық туралы мәліметтерді қосу ұсынылып отыр.

"Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі", - делінген хабарламада.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп...