Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...