ШЫМКЕНТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТ ЕЛДЕГІ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

ШЫМКЕНТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТ ЕЛДЕГІ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Internationalization of Higher Education: INT-KZ Universities Partnership форумы өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі. Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Австралия, Канаданың университеттерінен 12 делегация қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов құттықтау сөз сөйлеп, форумға қатысқан қонақтарға алғысын жеткізді.
Еуразия технологиялық университетінің ректоры Ербол Зинаддинович Сулейменов форум осымен екінші жыл ұйымдастырылды, деді.
– Былтыр өткен форумға Ұлыбританияның 8 университетінен өкілдер қатысты. Биыл форум өңірлердегі жоғары оқу орындарында ұйымдастырылуда. Басқосу – Шымкент қаласы мен шет елдердегі ЖОО арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты арттыруда жақсы мүмкіндік. ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен шет елдік жетекші ЖОО-дың Қазақстанда филиалдары ашылуда. Бұл форум осындай мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімім мол, - деді Ербол Сулейменов.
Форумға қатысқан Cormack Consultancy Group компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ, Украина және Орталық Азия бойынша директоры Gintaras Steponavičius: «Бұл компания әлемдегі университеттер арасында халықаралық серіктестік қызметін нығайту мен дамытуға қолдау жасайды. Қазақстандық ЖОО-дың бұл бағытта соңғы онжылдықта халықаралық деңгейде тәжірибесі бар» деп атап өтті.
Форум аясында халықаралық университеттер әрқайсысы жекелей өз мүмкіндіктерімен таныстырды. Делегация құрамы Әуезов университетінің басшылық құрамымен дөңгелек үстел басына жиналды. Университеттің Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі Проректор Ұлан Сейітқазыұлы Сүлейменов университеттің ғылыми-зерттеу бағытындағы жетістіктерді таныстырды. Сондай-ақ, ынтымақтастық мәселелері мен алдағы перспективалар талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...