Шымкентте Халықаралық семинар-практикум өтуде

Шымкентте Халықаралық семинар-практикум өтуде
Қазіргі білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, біліктілік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Осыған орай, қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы N 65 мектеп-гимназиясы шаңырағында "Оқытудағы инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану" тақырыбында халықаралық семинар-практикум өтуде, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Шымкент қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.
Бұл жолғы семинар "Көркем еңбек", "Бейнелеу өнері" пәнінің ұстаздарына арналған.
Халықаралық практикалық семинарға Қырғызстан республикасы және еліміздің білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндерінің мұғалімдері, ЖОО орындарының оқытушылары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
-Семинардың мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуын және кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімін визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту, ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру, өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту бойынша тәжірибе алмасу,- дейді Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры міндетін уақытша атқарушы Бикен Умарова.
Семинарда электронды білім беру ресурстарын пайдалана отырып, замануи сабақты ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерін қолданудағы көркем еңбек, бейнелеу өнері және технология мұғалімдерінің тәжірибелері туралы баяндамалары тыңдалып, түрлі көрмелер, қырғыз-қазақ ұлттық киім көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы мектеп осындай әдіс-тәсілдерді тарататын базалық мектеп ретінде жұмыс істейтінін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының...

Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күні қаладағы кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғырту...

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...