«Алматы-біздің ортақ үйіміз»: алматылық оқушылар «Біз таза қала үшін» тазалық патрульдері акциясына қатысты

«Алматы-біздің ортақ үйіміз»: алматылық оқушылар «Біз таза қала үшін» тазалық патрульдері акциясына қатысты

Әуезов ауданының барлық мектептерінде «Біз таза қала үшін» акциясы өтті. Іс – шара «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанына орайластырылған.

Мектеп оқушыларының экопатрульдері өздерінің оқу ғимараттары мен оларға іргелес аумақтардың жанында тәртіп орнатты. Сонымен, №104 мектепте оқушылар патриоттық әннің жігерлі дыбыстарына флешмоб ұйымдастырды, сондай-ақ мектеп ауласын ретке келтіріп, аумақтың айналасына гүлдер отырғызды. Олар алма тәрізді мектеп оазисін құруға кірісті.

Акцияға осы мектептің 270-ке жуық оқушысы қатысты. Іс-шара аясында үздік экобелсенділер марапатталды.

Тоғызыншы сынып оқушысы Зайтуна Мақсат көңілдегі тазалық айналадағы тазалықтан басталады деп ойлайды.

«104-ші мектепте олар әрқашан бірінші сыныптан бастап тәртіпті, қоршаған ортаны қорғауды және табиғатқа дұрыс көзқарасты үйретеді. Сондықтан біз экологиялық акциялара жиі қатысамыз. Менің ойымша, әр отбасы мен барлық адамдар, жасына қарамастан, адамгершілік нормаларын, тазалыққа, айнала қоршаған ортаға құрметпен қарағандары жөн, сонда табиғат та бізге жағымды болады», – деді мектеп оқушысы.

Мамыр шағын ауданындағы №202 мектеп-гимназия жастарды тазалыққа тарту орталығына айналды. 300-ден астам жоғары сынып оқушылары сыпырғыштар, күректерді, шелектерді алып, айналаны тазарты, ағаштар мен гүлдер отырғызды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...