«Жақыныңа жәрдем бер»: алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын жинады

«Жақыныңа жәрдем бер»: алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын жинады

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында, науқанға қатысқысы келетін және үлес қосқысы келетін қала тұрғындарының өтінішінің көптігіне байланысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты – қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар қарт адамдардың ауласын тазалауға және көркейтуге көмек көрсету.

866 ерікті мен қала тұрғыны ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйді ретке келтірді. Жеке үйлердің аумағы тазартылып, қоршаулар боялды, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ағартылды, өсімдіктер және т.б. отырғызылды.

Алатау ауданы - 15 үй, 96 ерікті,
Түрксіб ауданы - 13 үй, 98 ерікті,
Алмалы ауданы - 49 үй, 290 ерікті,
Жетісу ауданы - 8 үй, 42 ерікті,
Бостандық ауданы - 6 үй, 37 ерікті,
Әуезов ауданы - 10 үй, 150 ерікті,
Наурызбай ауданы - 13 үй, 153 ерікті.

Акция жалғасуда, тағы 93 үйді қамту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...