Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Королінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас иордан халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елімізде ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларын жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың қорытындысы...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші...