Президент «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті

Президент «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті

Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...