Термешілер байқауда бақ сынасуда

Термешілер байқауда бақ сынасуда

Бүгін Шымкент қаласында «Шалқар термесі – 2024» III-ші республикалық байқауы өтіп жатыр. Ұмытылып бара жатқан қазақтың киелі өнерін жандандырған Шалқар Әбішұлының ұрпағы мен «Шалқар мұрасы» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға еліміздің 15 аймағынан 21 жыршы-термеші қатысуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Байқаудың мақсаты – жыр-термені жас ұрпақтың санасында жаңғырту және төл өнердің жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

Додаға түскен термешілерге мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев, белгілі жыршы Елмұра Манасқызы, жыршы, сазгер Әбдіберік Әділбеков, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, термеші Жақып Сыпабаев, мәдениет саласының үздігі Ұлықпан Жолдасов төрелік етеді.

Байқауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Өнермен ауызданып, жырмен жұбанған, аталы сөзге тоқталып, баталы сөзге бас иген xалқымыз ұлттық өнерді әрдайым жоғары бағалаған. Қазақ халқының өлмейтін, халықпен бірге жасайтын қазыналы өнерін насихаттап жүрген жыршы-термешілерімізге сәттілік тілеймін. Бұл байқау өміршеңдігін жоғалтпайтын жоба болады деп сенемін. Шалқар ағамыз негізін қалаған байқау ары қарай жалғасын тауып, терме мен жыраулық өнерін дамыта береді деп сенеміз. Оған қолдау да көрсетеміз, – деді Сәрсен Абайұлы.

Байқау қатысушалары бүгінгі бірінші кезеңді Шалқар Әбішұлының термесін орындап, аяқтады. Байқау қазақ өнерінің үздік орындаушылары мен жанкүйерлерін жинаған еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Әр қатысушы шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті, ал көрермендер ұмытылмас қойылымдарды тамашалады. Қазылар алқасының алдына ең жақсысын таңдау қиын міндет тұр, өйткені барлық қатысушылар жоғары мақтауға лайық. Финалистер жақын арада жарияланады және жеңімпаздар дәстүрлі терме өнерін сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы...

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының...

Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі...