Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты

Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты

Венада жаһандық даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін әртүрлі елдердің, халықаралық инвестициялық топтардың және қаржы ұйымдары өкілдерінің басын қосқан OPEC Халықаралық даму қоры ұйымдастырған Форум өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясат және құрылымдық реформалар туралы айтты. Оның басты мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Вице-премьер тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін берік өнеркәсіптік негіз қалыптастыруға және экономиканы базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инвестициялық цикл іске қосылатынын атап өтті.

«Біз ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарына адал болып қала береміз және Қазақстанға бәсекелестік негізде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...