Шымкентте халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күні жоғары деңгейде атап өтілді

Шымкентте халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күні жоғары деңгейде атап өтілді
26-маусым күні Шымкенттегі «Арбат» демалыс аймағында «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне» орай, қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Эстафеталық спорттық ойындардан бастау алған бұл іс-шаралар, марапаттау рәсімімен жалғасып, соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.
«Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасы аясында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен өткізілген эстафеталық жарысқа 7 адамнан тұратын 3 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындардың күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамытуға арналған іс-шарада қатысушылар өздерінің ерекше дайындықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Көрермендер мен демалушылар үшін ұйымдастырылған концерттік бағдарламада қаламыздың танымал мәдениет өкілдері өнер көрсетіп, жас спортшылар, Полиция департаментінің Жылдам қимылдайын арнайы жасақ қызметкерлері мен қызметтік іздестіру иттерінің арнайы қойылымдары ұсынылды.
Айта кетейік, осы бағыттағы жұмыстар Шымкент қаласында биыл 26-мамыр мен 26-маусым аралығында 1 ай бойы өткізілді.
Айлық барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шымкенттік полицейлермен бірқатар профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде спорттық-мәдени, қайырымдылық іс-шаралар, семинарлар, кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, салалық мамандардың кеңес беруімен ашық есік күндері өтті.
Айлық қорытындысымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпаққа саналы тәрбиеде еселі еңбек етіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысқан, профилактикалық іс-шаралардың өтуіне үлес қосқан бірқатар мамандар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың және Полиция департаменті басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...