Астанада креативті хаб ашылды

Астанада креативті хаб ашылды

Елордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады. Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимарат нетворкинг  жасап, креативті индустрия жобаларын жүзеге асыру алаңына айналмақ. Хаб бірнеше бағыттағы аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, кітап дүкені мен отандық баспалардың өнімдеріне арналған оқу залы, этно-мұражай, қолөнер шеберханалары, заманауи өнер қойылымдары, музыкалық және әдеби кештер алаңы, сонымен қатар «Smart nomad games» жобасы мен заманауи өнер галереясы бар.

Осындай хабтарды Қазақстанның барлық аймағында ашу жоспарлануда. Олар шығармашылық жобаларды іске асыруға және коммерцияландыруға, сондай-ақ шығармашылық нарыққа жүздеген маман қосуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі...