Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы $113,3 млн құрады.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру АӨП өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде...

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...