Түркістан облысында есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар және халық арасында нашақорлыққа қарсы 260-тан астам профилактикалық іс-шаралары өткен, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оған жалпы 44 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, Түркістан облысы аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарда арнайы билбордтар және LED экрандарға ескертпелер орналастырылған. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері орын алмаған. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов брифингте мәлімдеді.

- 2024 жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді. Оның ішінде 201-не қылмыстық іс тіркелсе, 222 жағдайда айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан 200 килограмм 776,57 грамм есірткі тәркіленді , - деді спикер.

Сонымен қатар, Амангелді Сәпиұлы синтетикалық есірткіге қарсы күрес жайында айтты. Биыл жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, жалпы 1 килограмнан астам түрлі синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын...