Алматыда ұлттық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жаңа жатақхана енгізілуде

Алматыда ұлттық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жаңа жатақхана енгізілуде

Бүгінде Алматыда жатақханалардың жетіспеушілігі ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Ағымдағы жылы қалада жеке инвестициялар есебінен 4 010 төсек-орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандығы бар ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Заманауи барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды.

Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.

Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру...