Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды

Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды

Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;

Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; 

Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; 

Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы. 

Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкентте қалалық көлік инфрақұрылымын дамыту және халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату бағытындағы келіссөздер жүргізілуде. Қала әкімі...

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты, деп хабарлайды ...