Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті

Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті

Бүгін Теміртау қаласының қалалық жағажайында «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті. Аталмыш іс-шараны «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры жалпыұлттық «Birgemiz: Taza Alem» жобасы аясында ұйысдастырды. Бұл сенбілік – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бір бөлігі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Таза ойындар» – бұл табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және қалдықтарды сұрыптау бойынша командалық волонтерлік сайыс форматындағы сенбілік. Қатысушылар қоқыс жинап, оны сұрыптауда жарысады, нәтижесінде сыйлықтар алады. Қатысушы қарапайым сенбіліктерге қарағанда 5-10 есе көп қоқыс жинай алады. Ойындар статистикасы нақты уақыт режимінде сайтта және мобильді қосымшада жүргізіледі. Бір ойын барысында 1-3 тонна қоқыс жиналды.

«Таза ойындардың» мақсаты — тек ормандар мен су қоймалары жағалауларын тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты волонтерлікке тарту, экологиялық тұрғыда ақпарат беру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру және дамыту.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде...

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...