«Әлеуметтік әмиян»: тегін және жеңілдікпен тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейді?

«Әлеуметтік әмиян»: тегін және жеңілдікпен тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейді?

Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Палате предпринимателей города Шымкента состоялся семинар, объединивший представителей бизнеса, государственных органов и экспертного сообщества....

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...