Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды

Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды

Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Ескендір Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа.

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалысқа арналған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында...

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық...