Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді

Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді. Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ильхам Әлиевті елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 14,3%-ға артып, $529,4 млн-ды құрады, биылғы қаңтар-маусым айларында $280,6 млн-ға жетті.

Үкіметтер мұнай-газ, көлік-логистика, цифрлық коммуникация және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асырып келеді. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін және терең су электр кабелін тарту жобалары бар. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық әлеуетін ашу мақсатында бірлескен тікелей инвестиция қоры құрылды. 

Анықтама: Аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы бес жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда көлемі $5,7 млрд-тан $11 млрд-қа дейін өсті. Қазақстанның ОА елдерімен сауда-саттық көлемі өткен жылы 26,8%-ға өсіп, $8 млрд-қа жетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында...

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық...