Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары «Достық кеші» гала-концертін тамашалады

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары «Достық кеші» гала-концертін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары «Астана опера» вестибюлінде «Шығармашылық жаңғырығы» көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халықтарының әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен «Достық дивертисменті» ұсынылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында...

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық...