372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 371,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 115,4 мың балаға 3,3 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де тәсілдер арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкімі сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа...

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына арналған қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда Мемлекет...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық...