Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдерін жеңілдетті

Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдерін жеңілдетті

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа стандартқа сәйкес жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.

Сонымен бірге бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған, ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...