Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Пәкістанның өз мемлекеттілігін нығайту және өркениетті қоғам құру ісінде елеулі табысқа жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің Пәкістанмен арадағы екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Президент Премьер-министр Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...