Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды. Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұнын себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Қапшағай су қоймасы соңғы рет 2014 жылы 100%-ға толған болатын. Суару маусымы басталғалы Шеңгелді алқабының 6 мың гектар және Ақдала алқабының 28 мың гектар жеріне су берілуде. Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр»,- деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар. Облыста вегетация кезеңі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Одан кейін су тасқыны кезеңіне дайындық басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар. Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар баптары бойынша ортақ мәмілеге келді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...