Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады

Әңгімелесу барысында ел экономикасының өсімін ынталандыру мақсатында өзара тиімді ынтымақтастық құру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жолында сенімді серіктес болып келе жатқанына назар аударды.

Банкпен ынтымақтаса жұмыс істеген жылдар ішінде жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтайтын 70-тен астам бірлескен жоба жүзеге асырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған банкпен арадағы Стратегиялық негізгі келісімнің жаңаруын құптады. Оның аясында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қаржылай қолдау шарттары қарастырылған.

Өз кезегінде Мұхаммед Сулейман әл-Джассер бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын оң бағалап, Қазақстан экономикасын әртараптандыру ісіне одан әрі атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі маңызды саяси шешімдер қабылданған алаң ғана емес, сонымен қатар азаматтармен байланыстың заманауи...

Қазақстанда автомобиль жолдарын дамыту тек көлік инфрақұрылымын жаңғыртумен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қоршаған ортаны қорғау, табиғи...