Қоғамдық эко-бақылау республикалық акциясы аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді

Қоғамдық эко-бақылау республикалық акциясы аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді

Биыл 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) республикалық акция жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.

Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған.

Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:

  1. Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
  2. Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
  3. Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);
  4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...