Түркістан облысында 270 мыннан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынады

Түркістан облысында 270 мыннан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынады

Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары басталды. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егу жоспарланған. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бойынша (ЖРВИ)150 227 жағдай тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6% өскен. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды. Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 50 000 дана екпе жеткізілген. ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының асқынуларына жол бермеу мақсатында өңір бойынша 1 қазанға дейін екпе жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр», - деп баяндады спикер.

Сондай-ақ брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 241, балаларға арналған - 445, реанимациялық төсек-орын саны – 287. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 212, оның ішінде ЖРВИ саны – 203, пневмония – 9», -деді сала басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...