Қазақстанда 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады

Қазақстанда 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады

2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл жалпы білім алушылардың 86,3%-ы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда елімізде 1713 мектептен тыс ұйым әр бағыттар бойынша 380 үйірме түрін ұсынады: ғылыми-техникалық, музыкалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік педагогикалық және тағы басқалары. 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде 15 жобалық кеңсе, дебаттар мен өзін-өзі басқару штабтары, оқушылар мен студенттердің 20 дебаттық лигасы құрылып, балалардың сыни ойлау және көшбасшылық қабілеттерін дамытуда. 

«Министрлік қосымша білім беру жүйесін дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 2025 жылға дейін ауылдық мектептерде мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 1 мың комьюнити-орталықтарын ашу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта ауыл мектептерінде осындай 468 орталық ашылды. Жалпы 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланған», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие және қосымша білім беру департаментінде.  

Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер мен еріктілер ұйымдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламаның тағы бір маңызды тұсы мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады: 3500-ден астам қосымша білім беру педагогі, дебаттық клуб жетекшілері, оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының педагогтері мен үйлестірушілері оқудан өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...