Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 9,1 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 13,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, бидай 6,8 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі 14,1 ц/га 9,7 млн тоннаға жуық, арпа – 1,5 млн га, өнімділігі 16,5 ц/га 2,5 млн.тонна, сұлы – 133,1 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га 207 мың тонна.

Биылғы жылы майлы дақылдар орташа өнімділігі 11,0 ц/га 136 мың га алқаптан жиналды, 150,3 мың тонна бастырылды.

57,1 мың гектар алқаптан 257,5 ц/га өнімділік кезінде 1,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 87,7 мың гектардан жиналды, 243,3 ц/га өнімділік кезінде 2,1 млн тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 93,5 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,8 ц/га, жалпы алым 2,4 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың Орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...