Ақмола облысында зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы аяқталу сатысында

Ақмола облысында зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы аяқталу сатысында

21 қыркүйек күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салу барысын қадағалау мақсатында Ақмола облысына келді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Министр облыс тұрғындары жақын арада көшетін құрылыс нысандарын аралады. Облыста барлығы 286 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның ішінде Есіл ауданы, Есіл қаласы мен Жарқайың ауданы, Пригородное ауылындағы құрылыс толығымен аяқталып, тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

167 нысан құрылыс сатысында. Мәселен, Бұланды ауданында 114 үйдің 78-інің құрылысы аяқталса, Вознесенка ауылында 10, Журавлевкада 22, Иванковкада 4 тұрғын үй құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ал Атбасар қаласында 3-ші көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын, үшінші үйдің жұмысы жақын арада аяқталады деп күтілуде.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету барысы туралы халықты ақпараттандыруды жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...