“Әскер аналар көзімен”: сарбаздар аналары балаларының қызмет орнымен танысты

“Әскер аналар көзімен”: сарбаздар аналары балаларының қызмет орнымен танысты

"Әскер аналар көзімен" бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысынан "Астана" өңірлік қолбасшылығының 85510 әскери бөліміне мерзімді борышын өтеп жүрген жауынгерлердің аналары келді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Аналар сарбаздардың тұрмыстық жағдайымен, қызмет өткеру тәртібімен танысты, оларға әскерде қауіпсіздікті қалай бақылап отырғаны айтылды.

Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің әжесі Күлзат Балтабаева сарбаздарға жасалған жағдай туралы өз пікірін білдірді.

– Аналар қашанда үйден тыста жүрген балаларын уайымдайды. Әскери бөлімде біз казармаларды, оқу сыныптарын, монша-кір жуатын бөлмелерді, асханаларды араладық, офицерлермен және сарбаздармен сөйлестік. Барлық бөлмелер жөнделген. Сарбаздардың жеке шкафтары бар екен. Ең бастысы – балаларымыз тоқ, олардың көңіл-күйлері жақсы, – деді ол.

  Сарбаздармен мұндай күтпеген кездесу Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен сарбаздар аналары комитетінің қолдауымен ұйымдастырған жобаның арқасында өтті.

– Ата-аналар балалары үшін уайымдамауы үшін "Әскер аналардың көзімен" бағдарламасы аясында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлеріне де сапарлар жоспарланған, ол жақта да біздің балалар қызмет етеді, – деді жоба менеджері Тимур Әлжанов жоспарларымен бөлісті.

Әскери бөлімді аралаған соң ата-аналар сарбаздарға дастархан жайып, үйлерінен пісіріп әкелген тәттілермен шәй берді. Ал ата-анасы келе алмағандар туысқандарымен бейне қоңырау арқылы сөйлесті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...