Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Президент Агенттік төрағасының еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, ведомство 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылған. Осы қаржыға қазірдің өзінде 50-ден астам мектеп ашылған. Сондай-ақ тағы 30 білім ошағын салу жоспарланған.

Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Цифрлық теңге» платформасы арқылы жүзеге асыратын «ақшаны бояу» жобасын іске қосты. Асхат Жұмағали Президент Жолдауында жүктеген міндеттерге сай жол құрылысы мен ауыл шаруашылығы салаларында сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына мониторинг жасалып жатыр. Тексеру барысында қаражатты тиімсіз пайдалануға және нысандарды тапсыру уақытын кешіктіруге себеп болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа педагогтердің еңбекақы қорынан миллиардтаған қаржы жымқыруға жол берген сыбайлас жемқорлық факторларын жою шаралары туралы айтылды. Биыл Агенттіктің бастамасымен бюджет процестерін автоматтандыруға, Қазынашылықты білім беру мекемелерінің есеп жүйелерімен интеграциялауға, төлем құжаттарына қол қою кезінде биометрияны пайдалануға бағытталған цифрлық шешімдер енгізілді.

Президентке халықаралық қатынастар, кадр саясаты, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу процесі секілді ведомствоның басқа да басты бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...