Қасым-Жомарт Тоқаев тігін фабрикасын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев тігін фабрикасын аралап көрді

Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған. Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі.

Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы. Бұл туралы...

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...