Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін,  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелікұсынымдар, өңірлердегі ономастикалық ахуал секілді мәселелер қаралды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...