Отандық өнім шығаруды ынталандыру: мемлекеттік қолдау шаралары және қарсы міндеттемелер

Отандық өнім шығаруды ынталандыру: мемлекеттік қолдау шаралары және қарсы міндеттемелер

Ішкі сауда субъектілерін жаңарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары «Атамекен» ҰКП, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, «Даму» АҚ арқылы жүзеге асады. Осы бағдарламаға қатысамын деген жеке кәсіпкерлер Сауда комитетінің барлық өңірдегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттеріне жүгіне алады. Бұл жайлы ҚР СИМ  Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесінде қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер қарастырылған. 

«Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20%-на отандық азық-түлік өнімдері мен азық-түлік емес өнімдерді орналастыру керек. Жалпы Ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30%-ы отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50%-ға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20%-ын отандық азық-түлік емес өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет», – деді ведомство өкілі.

Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау – экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтік салаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...