Алматы қаласының Медеу ауданында 45 мыңнан астам бизнес нысаны жұмыс істейді

Алматы қаласының Медеу ауданында 45 мыңнан астам бизнес нысаны жұмыс істейді

2024 жылы Медеу ауданының бюджеті 12,8 млрд теңгеден 37,4 млрд теңгеге немесе 34,2%-ға ұлғайтылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Мегаполис басшысы қаражат аудан тұрғындарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге жұмсалатынын атап өтті. Медеу ауданы — мегаполистегі ең үлкен аумақ, ол Алматының қаржы әрі бизнес орталығы. Аудан аумағында 45 мыңнан астам бизнес субъектілері белсенді жұмыс істейді. Олар осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бюджетке 250 млрд теңгеден астам қаржы құйды.

Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында ауданда құрылыс жұмысының көлемі 13,3%-ға ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5%-ға өсіп, 133 млрд теңгеге жетті. Экономиканың қарқынды дамуы 4 387 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...