Маңғыстау облысында «Шопандар тойы» өтті

Маңғыстау облысында «Шопандар тойы» өтті

Аталған шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген еңбеккерлер, сала ардагерлерімен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Хасым Итқұсов жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, өңірдің мал шаруашылығындағы ерекше орын алатын жылқы, түйе және қой шаруашылықтарын дамытуға жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті.

Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан облыстағы сала ардагерлері мен ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілері мен «Құрмет» грамоталары табыс етілді. Шара соңында ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...