Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Алматыда референдумда дауыс берді

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Алматыда референдумда дауыс берді

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мереке Құлкенов №175 мектеп-гимназиясында орын тепкен №584 сайлау учаскесіне барып, АЭС құрылысы мәселесі бойынша дауыс берді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Референдум – демократияны нығайтудың маңызды қадамы, бұл азаматтарға пікірін білдіру, еліміздің болашағына әсер ету және қоғамдағы белсенді оң өзгерістерді көру үшін ерекше мүмкіндік», – деді қоғам қайраткері Мереке Құлкенов.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы тұрғындары тұрғылықты жерінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беруде. Мегаполисте барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...