ШЫҰ байқаушылары: АЭС бойынша референдум – Қазақстанда демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам

ШЫҰ байқаушылары: АЭС бойынша референдум – Қазақстанда демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) миссия мүшелері Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумды бақылау барысында атқарған жұмысын қорытындылады. Қорытынды мәлімдемені миссия басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов жариялады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ байқаушылары референдум өткізу үшін барлық жағдай жасалғанын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалғанын атап өтті. Олег Копыловтың айтуынша, АЭС салуды қолдайтындар мен бұған қарсы азаматтар референдумға шығарылған мәселе бойынша үгіт жұмыстарын еркін жүргізді.

«Баламалы платформаларды іске қосу азаматтардың өз еркін білдіруін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған практикалық шаралардың белгісі», - деді спикер.

Миссия мүшелері бақылау үшін өз бетінше таңдаған 35 учаскеге барды. ШЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы дауыс беру белгіленген тәртіпті сақтай отырып, қалыпты өткенін айтты. Байқау жұмысы кезінде миссия мүшелеріне шағымдар мен ескертулер түскен жоқ. 

«Миссия референдум азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, ашық өткенін атап өтті. Миссия Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілгенін мәлімдейді. Миссия Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумды ашық, еркін және заңды деп таниды. Миссия референдум Қазақстан Республикасында демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болғанын мәлімдейді», – деді миссия басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...