Астанада Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті

Астанада Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті

Кәсіподақтар күні қарсаңында Астанада «Еңбек эволюциясы: Климат, Құзыреттілік, Код» тақырыбында Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті. Жиында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сарапшылары сөз сөйлеп, климаттық өзгерістердің, цифрландырудың және жаңа технологиялардың жұмысшы мамандықтарына әсерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселелердің өзектілігін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров өз сөзінде атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы қоғамымызда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілетуге ықпал етеді», – деді Қайрат Қамбаров.

Сонымен қатар форум қатысушыларына жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және PR, SMM негіздерін үйретуге арналған практикалық сессиялар ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...