Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.

Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.

Өз кезегінде У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларында қазір жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында барлық деңгейдегі диалогты жалғастырудың, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы кездесулердің маңызды екені айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...