Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың алдын алу шаралары

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында тұмаудың пайда болу белгілері және одан сақтану тәсілдері жайында баяндады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәлімдеуінше, тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен бірге жүреді. Дененің айқын интоксикациясы кезіндегі белгілер: қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауруы, кеудеде ауырсыну болатын құрғақ жөтел. Кез келген басқа вирустық инфекция кезінде, әдетте, катаральды белгілер басым болады. Яғни, мұрыннан су аға бастайды, тамақ ауырады, содан кейін ғана осы катаральды көріністермен қатар температура пайда болады. 

«Аурудың алдын алу үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану керек: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе, жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану; науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету; тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу; ауру белгілері пайда болған кезде уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы, деп...

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...