Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...