Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...