Өңірлерде отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерін оқыту басталды

Өңірлерде отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерін оқыту басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстанда отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлерін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар мүшелерін оқыту басталды. Алғашқы семинар-тренинг Алматы облысында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тренингтердің мақсаты – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестірудің сапасын арттыру.

Тренингтерде теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Іс-шара отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерінің отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуға бағытталған.

Семинар-тренингтер барлық өңірлерде 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өтеді.

Бүгінде елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Олардың негізгі функциясы – мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...