Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 15-16 қазан аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағали бастаған делегация парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Іс-шарада мемлекеттік және жеке секторлардағы адалдық пен сатылмаушылық, мүдделер қақтығысы, қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрестің озық құралдары талқыланды.

Іс-шара аясында еліміздің жемқорлыққа қарсы саясаты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, цифрлық құралдарды енгізу, активтерді қайтару, бизнесті қорғау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі баяндалды.

Айта кету керек, Қазақстан халықаралық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті.

Бұл мемлекеттік аппарат пен қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу, құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау, заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және шет елдердің құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін негіз жасайды.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...